Ай төбеңнен төнгенде…

Жердің серігі мен жердің өзінің ара­сында қандай байланыс бар деген сауал­дың жауабы ақпанның 2-сі күні Алматы­да болған жер сілкінісінен кейін алын­ғанға ұқсайды. Өткен айдың басында болған сол сілкіністің бәлен­дей зардабы болмағаны белгілі. Кей­біреулердің аузы «бұл жолы мегапо­листі Құдай сақтады» дегенге дейін қисайғаны бар.

Қазақстандық ғалым Виктор Иню­шин ақсақал дәл осы мәселеге байла­нысты таяуда өте қисынды жауап беріп, естіген жұртты қайран қал­дыр­ды. Ол кісінің айтуынша, соның алдында 31 қаңтар күні Айдың Жерге барынша жақындап келуі араға күн салып болған Алматыдағы жер сілкіні­сінің зардабын айтарлықтай азайтып­ты. Сол күні Ай жарықтық Жерге 24 мың шақырымға дейін жақындап келген. Ал ол дегеніңіз, астроно­мия­лық түсінікте бәлендей үлкен қашық­тық емес. Небары экватор сызығы­ның жартысына ғана тең мөлшер.

Айдың Жерге барынша жақындап келуі жер қыртысындағы тербеліс күшінің азаюына айтарлықтай ықпал еткен. Виктор Федорович осындай байлам айтады. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ол кісінің айтуынша, алда-жалда Алматыда 7 балдық жер сілкінісі бол­ған жағдайда шаһардың 20–30 пайызы күйреп, қала халқының 10 пайызға дейінгі ықтимал шығыны болуы мүм­кін көрінеді. Мәселе­нің түйіні мына­да: ғалымның пайымын­ша, бұл жолы мегаполисті жойқын апат­тан Айдың Жерге барынша жақындап келуі құтқарғанға ұқсайды…

Демек, қазақтың Ай жарықтықты қасиетті тұтуы бекер емес екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *