«Адал жол» адалдыққа бастайды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жетісу ауданы әкімінің аппараты мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баста­масымен «Адал жол» марафоны өтіп, оған аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты.

Дәл қазір қоғамдағы жем­қорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алып, жолына тосқауыл қою үшін, ең алдымен, осы дертке қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі тұр. Қаламыздың барлық ауданы атсалысқан бұл марафонда «Адал жол» кітабы табысталып, бүкіл ауданды аралап шықты. Жетісу ауданы Алматы-2 теміржол бекетінде Медеу ауданын қарсы алып, эстафетаны табыс етті.

Жетісу ауданы жастарының қатысуы­мен өткен шағын концерттік бағдарлама да көпшіліктің рухын көтеріп, жаңаша көзқарас қалыптастырды. Студент-жастар өздерінің қоғамдағы жат дертке деген қарсылықтарын флеш-моб арқылы білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close